Азаттық радиосы "Крым.Реалии" редакциясының журналисі Владислав Есипенко төрт жыл абақтыда отырғаннан кейін бостандыққа шықты. Ресей билігі Қырымды аннексиялаған соң оны Украинаның барлау қызметіне ақпарат жинады деп айыптап, түрмеге қамаған. Есипенко өзіне тағылған айыптарды мойындамаған.
Ресей мен Украина азаматтығы бар Владислав Есипенконы Ресейге қарасты Қырым билігі 2021 жылы наурызда ұстады. 2022 жылы ақпанда Қырымдағы ресейшіл сот оны "тыңшылық жасады" деген айыппен алты жылға бостандығынан айырды. Кейін Мәскеудегі сот жаза мерзімін бес жыл етіп қысқартқан. Бұған қоса оған "жарылғыш заттар сақтады және тасымалдады" деген айыптар тағылды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Крым.Реалии" сайтымен жұмыс істеген журналист алты жылға сотталдыАзаттық радиосы мен адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар журналиске қолдан жасалған айыптар тағылды деп мәлімдеді. Сот процесінде Есипенко тергеушілер оған жалған айыпты мойындату үшін электрошок қолданып, азаптағанын айтып куәлік берді.
Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының басшылығы журналисті босатуға атсалысқан АҚШ пен Украина үкіметтеріне алғыс білдірді.
"Владислав ешбір қылмыс жасамаса да төрт жылдан астам уақыт бойы негізсіз қамауда отырды. Оны Ресей басып алған Қырымда болып жатқан оқиғалар жайлы шындықты айтқаны үшін аса ауыр жазаға тартты. Осы үшін оған физикалық және психологиялық азап көрсетілді. Біз оның жары Екатеринамен және қызы Стефаниямен қайта қауышқанына қуаныштымыз, бірақ ресейлік биліктің оның отбасына келтірген азабын ұмыта алмаймыз", — деді Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Стивен Капус.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ АЕ/АР президенті Қырымда журналист Владислав Есипенконың қамалуын айыптады- 2022 жылы қарашада Украина прокуроры журналист Владислав Есипенконы заңсыз ұстау және азаптауға қатысы бар Ресей федерациясы қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғаған. Ал 2023 жылы қыркүйекте Еуропа одағы бұл іске қатысы бар алты адамға — екі судья, бір прокурор және екі ФСБ қызметкеріне санкциялар енгізген.